Quantcast
Channel: Биология - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 228

Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы

$
0
0

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылы,

Ақбастау елді мекені №140. НОМ

биология пәні мұғалімі

МАМБЕТОВА НАЗЫМ БАЛАПАНҚЫЗЫ 

 

Тақырыбы: Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы

 

     Мақсаты:  1. Жалпаққұрттар типінің өкілдерімен салыстыра отырып жұмыр құрттар , олардың ерекшеліктері жөнінде түсінік беру

  1. Жаңа сабақтағы басты мәселеге назарын аударып,жеке тұлғаның ойлау және есте сақтау қабілетін жетілдіріп,шығармашылық ізденісін дамыту
  2. Оқушының сабаққа өз еркімен белсене араласуы,білімдерін көрсете алуға ықпал ету,жауапкершілікке,өз бетімен еңбектенуге,өзін-өзі басқаруға үйрету.Қосымша материалдарды пайдаланып ізденуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

      Сабақтың типі:   аралас

Сабақтың әдісі:  деңгейлік тапсырма,сұрақ-жауап.биологиялық диктант,оқулықпен жұмыс

     Көрнекілігі:Суреттер, кесте, слайд

      Пәнаралық байланыс:

 Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру :Сәлемдесу,түгелдеу,сабаққа даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.1- тапсырма. Суреттерге қарап, жануарларды ата және олардың құрылысының белгілерін сызбада көрсет.

 

                     

2- тапсырма. Сұлама  денесінің көлденең кесіндісіндегі белгілерді  ата

3- тапсырма. Ақ сұламаның мүшелерін ата

   

4- тапсырма. Сәйкес белгілерін ірікте.

 

Сүт сұламасы

Бауырсорғыш

Ішексорғы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       
  • адамдар мен жануарлардың ішегінде тіршілік етеді;
  • мүйізді ірі қараның бауырында тіршілік етеді;
  • тұщы су қоймаларында омір сүреді;
  • қорытылған қоректік заттармен қоректенеді;
  • денесінің қозғалысы үш қабат бұлшықеттерімен реттеліп отырады;
  • ұзын салалы бұлшықеттерінің көмегімен қозғалады, сондықтан олар тек жан-жағына иіле алады да, денесін соза алмайды;
  • ұсақ су жануарларымен қоректенеді;
  • қосжыныстыларга жатады;
  • дара жыныстыларға жатады;
  • денесін сыртынан қаптап тұрған кірпікшелердіңжұмысы арқасында қозғалады.

ІІІ. Жаңа сабақ

Құрсақ кірпікшелі

құрт

 

Зымырақтар

Жұмыр құрттар-денесі буылтықтарға бөлінбеген,шұбаланқы,цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсас  жәндіктер      .    ( өкілдерін суреттері  арқылы таныстыру)

Жұмыр құрттар

Қылтыңбас

Жіпше құрт

 

Қылқұрт

 

 

Жұмыр құрттардың 20000-нан астам түрі бар ,   көпшілігі дара жынысты .                                                              Ауыз қуысы  дененің алдыңғы жағында,    аналь тесігі артқы жағында орналасқан.    Тыныс алу және қантарату жүйесі болмайды.    Теңіздерде,тұщы суда,топырақта,кейбір   түрі адамдарда,жануарларда,өсімдіктерде     паразиттікпен тіршілік ететін жәндіктер

Жұмырқұрттардың денесі
3  қабаттан тұрады

1.Ең сыртқы қабаты-сірқабық

2.Ортаңғы қабат-гиподерма

(тері астындағы қабат)

3.Ең астындағықабат-біріңғай салалы бұлшық ет

 Сірқабық-өлі ұлпа,сондықтан ағза денесінің өсуіне мүмкіндік бермейді,өзі өспейді. Жұмыр құрттар денесі өскен кезде сірқабықты сыпырып тастайды                Жұмыр құрттардың сірқабықты тастауы  түлеу деп аталады. Гиподерма(грекше “гипо”астында,”дерма” тері)қабаты.  Сірқабатты астарлап жатады. Астыңғы жағынан біріңғай салалы бұлшықетқабатына қосылады.                                                                                                                             Жіпшеқұрт-өсімдік тамырында ауру  тудыратын паразит жәндіктер .                  Шаруашылыққа зианы көп. Мөлшері 1мм-ден аспайды.                                                                  Суыртқы-тері астында орналасып, адамға және жануарларға зиян келтіретін жұмыр құрттар.Трихинела-бұлшықеттерде,  Ішексорғы,үшкірқұрт-ішекте тіршілік ететін паразиттер.                                                                                                                                         Ересектерден гөрі жасөспірімдер мен балалардың  аш ішегінде орнығатын,екі ұшы да сүйірленіп келген,дене тұрқы 20 см-ге дейін жететін ақшыл немесе сарғыш түсті жұмыр құрт-ішексорғы деп аталады.                                                                                                                Құрылысы:алдыңғы ұшында ауызы,соңғы бөлігінде аналь тесігі болады.Ауызында үш ерін бар.Құрт сол еріндері арқылы ішектің қабырғасына қадалады.Денесінің сырты сірқабықпен қапталған.Көзі жоқ.Қоректенуі: қорегі ауызынан түтік тәрізді ішекке өтеді.Ішек 3 бөліктен құралады:алдыңғы,ортаңғы және соңғы.Қорытылған қоректі ішектің қабырғасы сорып,дене қуысын толтырып тұрған сұйықтыққа жеткізеді де,оны дененің жасушалары сіңіреді.Қорытылмай қалған қорек қалдығы дененің соңғы бөлігіндегі аналь тесігі арқылы сыртқа шығады. КӨБЕЮІ:дара жыныстыжәндіктер.Ұрықтанған жұмыртқалар ішекке                              бөлініп шығып,қорытылмаған тамақ  қалдығымен бірге сыртқа шығады.Ондай                                      ортаға түскен жұмыртқалар дернәсілдерге айналады

ІШЕКСОРҒЫНЫҢ КӨБЕЮІ

Адам жұтынғанда

Дернәсілдер ішекке барады

да,дайын азықпен

қоректеніп,жетіледі

3-айдан соң

Ересек ішексорғы

жұмыртқалайды

Дернәсілдер қолдың кірі және жуылмаған көкөністерден адамның ауызына түседі

Дернәсілдер қанмен бірге өкпеге енеді.Ондайда қақы-рық бөлініп, адам жөтеледі 

Дернәсіл ішексорғы қақы-рықпен бірге ауызға түседі

Одан ішекке өтеді . Ішекте

Жұмыртқаларды жарып,

дернәсілдер ішектің

қабырғасына  қадалады

Ішексорғы бөлген улы заттар-дан ішектің қызыметі бұзылады

 

 Маңызы зор жұмыр құрттар:  Құрсақ кірпікшелі,      зымырақ ,    қылтыңбас. Олар жасушалы жәндіктер,бактериялар,балдырлармен қоректенеді.Сонымен бірге оларды шаяндар,балық шабақтары,балықтар қорегіне жаратады.

ҮІ. Қорытындылау.

 

1-тапсырма.Жұмыр құрттар типіне жататын құрттарды  ата                                                        бауырсорғыш                              эхинококк                сүт сұлама                                  үшкірқұрт                    адам ішексорғысы                      қылтыңбас                                                   шошқа жармасқағы                    қылқұрт                           

 

 2-тапсырма.Сөйлемдерді толықтыр  

1.Жұмыр құрт  деп  ........................................................ атаймыз

2.Денесінің сыртынан   ............................................................қапталған.

3.Денесінің үшінші қабаты  .................................................... қабаты.

4.Денесінің алдыңғы жағында  ..............................................  орналасады.

5.Денесінің соңғы  бөлігінде   ..................................................болады

 

3-тапсырма.Ойланып, сұраққа жауап бер. Жуылмаған таңқурайды жеген балада бір аптадан соң жөтел басталып,өкпеге суық тигендіктің(күн жылы болатын)белгілері байқалады.Екі жарым айдан соң зертханалық сараптаманың нәтижесі балада паразит құрттардың жұмыртқасы бар екенін анықтады.Бұл қандай құрт болуы мүмкін?

Ү.Бағалау
VI Үйге тапсырма

 Жұмыр құрттар типін  оқу
 Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің пайда-зианы туралы әңгімелеу

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 228

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>