Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ
биология пәні мұғалімі Көбеева Гүлшахар Жарылғапқызы
Тақырыбы: Ішекқуыстылар түрінің саналуандығы. Маржан полиптері және медузалар
Мақсаты: 1. Ішекқуыстылардың көптүрлілігі, көпжасушалы жәндіктер мен шоғырлас қарапайымдар жасушасының айырмашылықтарын, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
- Оқушылардың ойлау, есте сақтау,танымдық қабілеттерін дамыту, қызығушылығын, белсенділігін арттыру
- Оқушыларды жылдамдыққа, жауапкершілікке, тірі табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: сөзжұмбақ шешу,оқулықпен жұмыс, кесте толтыру, терминдермен жұмыс
Көрнекілігі:Суреттер, кесте, слайд
Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру :Сәлемдесу,түгелдеу,сабаққа даярлау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1-тапсырма. Ойлан, тап!
- Гидраның мекен ортасы. 2. Гидраның сыртқы және ішкі қабаттарының арасындағы қуысты толтырып тұратын желім тәрізді іркілдек зат. 3. Гидра денесіндегі жиырылу қызметін атқаратын жасушаларының аты. 4. Гидраның ас қорыту қуысын астарлап жатқан қабаты. 5. Гидра денесінің сыртын қаптап жауып жататын қабат. б. Гидраның жыныссыз көбею жолы. 7. Гидраның ауыз айналасында орналасқан қорегін ұстауға қатысатын өсінділерінің аты. 8. Алғашқы көпжасушалы ағзалар типінің атауы.
2-тапсырма. Гидраның санмен белгіленген жыныс жасушаларын жазыңыздар және даму сатыларын да көрсетіңіздер
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ішекқуыстылар типін құрайтын кластарды жазып, сызбаны толтырайық
ІШЕКҚУЫСТЫЛАР
Гидратәріздестер Табақшатәріздестер Көпқармалауышты маржандар
Гидройдтар Сцифойдтар Полиптер
Ө К І Л Д Е Р І
Гидра Обелия Айшықты медуза Цианеа
Құлақты медуза(аурелия)
Өкілдерінің суреттерімен танысу: Медузаның түрлері
Медузалардың түрі гидраға мүлдем ұқсамайды, бірақ дене құрлысында көп ұқсастықтар бар. Пішіндері қолшатырға, қоңырауға немесе төңкерілген тостағанға ұқсайды.
Гидра бекініп тіршілік етсе, медузалар суда еркін жүзіп тіршілік етеді.
Олар дара жынысты.
Медузаның ішкі құрылысы:
- Сыртқы қабаты (эктодерма)
- Ішкі қабаты (энтодерма)
- Ішек қуысы
- Аузы
Медузаның қоңырау тәрізді жалпақ бөлігі тері-бұлшық ет жасушаларындағы ет талшықтарының жиырлуы арқылы қозғалады. Оның ішкі ас қорыту қуысы көп тармақтарға бөлінген. Жүйке жасушалары денесінің жалпақ бөлімінің жиегінде орналасқан. Медузаның сезім мүшелері жақсы жетілген.
Медузаның көбеюін өткен сабақта қарастырғанбыз. Суретін тағы бір көріп еске түсіріп,көбею сызбанұсқасын құру
Актинияның түрлері
Актиния дене пішіні бағана тәрізді, денесінің табан бөлімімен кез келген затқа бекінеді. Алдыңғы жағында аузын қоршап тұратын өте көп қармалауыштары болады. Актиниялар түрлі түсті болып, гүлге ұқсап тұрады. Актинияның табаны қалың болады, табанының көмегімен ұлу тәрізді бір орыннан екінші орынға баяу жылжып қозғалады. Актиниялар жұмыртқа салып жынысты және бүршіктену арқылы жыныссыз көбейеді.
Маржан полиптері
Маржандардың актиниялардан айырмашылығы – бүршіктену арқылы көбейіп, шоғырланып тіршілік етеді. Маржандардың жасушаларынан бөлінген заттардан ізбесті қатты “қаңқа” түзіледі. Маржан шоғырлары дамылсыз өсіп, су астында әр түрлі жартастар( риф) мен кедертасты аралдар түзеді. Өкілдері-қызыл маржан,теңіз қауырсыны, актиния тек теңізде өмір сүреді.Көп қармалауышты маржандар дүниежүзілік мұхитта көп тараған.Тіршілік айналымы тек қана полип күйінде өтеді. Барлық түрлері шоғыр түзеді(актиниядан басқалары). Теңіздегі терең суларда ішекқуыстылардың жарық шығаратын түрлері де кездеседі
ІV.Бекіту
1.Суреттерге назар аудар:ішекқуыстылардың әрбір типіне тән “өз” белгісін ірікте.
1)Әк қаңқаларымен қапталған үйінділер түзеді
2)Еркін жүзіп жүреді
3)Су астында жартастар түзеді
4)Аз қозғалады
5)Денесінің пішіні төңкерілген табақ тәрізді
6)Денесінің пішіні сабақ тәрізді
7)Қаңқаларының бір жерге жиналуынан шеңберлі жартас атолл түзіледі
8)Судың сығылуы нәтижесінже алға қарай жылжу тәсілімен (реактивті)қозғалады
9)Қозғалыссыз өмір сүреді
10)Теңіздерде болатын дауылдарды күні бұрын сезеді
2.Танымыңызды танытыңыз!
3.Танымыңызды танытыңыз!
Төменде берілген ішекқуыстылардың қайсысы медузаға жатпайды?
V.Қорытынды. Ішекқуыстылардың жеке кластары кестесін толтыру
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма: §41 оқу