Quantcast
Channel: Биология - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 228

Ас қорыту маңызы және жүйесі.

$
0
0

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы № 21 орта мектептің

биология пәні  мұғалімі Чохыева Гулнар

Сыныбы: 8ә
Тақырыбы: § 44-46Ас қорыту маңызы және жүйесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға  ас қорыту маңызы, ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі туралы жаңа білім, түсінік беріп, ұғымдарын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, біліктіліктерін жетілдіру,  пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, ұқыптылықа, мәдениеттілікке, салауаттылыққа үйрету.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Бағыттау, зейін аудару, белсендіру

Сабақтың пәнаралық байланысы:анатомия

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакат, түрлі-түсті қағаз, стикер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі

 Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын осы пәнге аудару;

Тақтада тұрған стикерлерді алып, алынған түс бойынша  топқа бөліну, стикер астында әріптер шашылып берілген, сол әріптерді біріктіру арқылы топ атын табу.

1 топ – бауыр тобы

2 топ –жұтқыншақ

3 топ – ұйқыбез

4 топ - қарын

  1. Үй тапсырмасын сұрау («Жемісті білім»арқылы, сұрақтарға жауап беру)
    Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер мен қоректік заттар.
  2. Адамның күнделікті пайдаланатын тағамның құрамында нелер бар?(күрделі ағзалық затар: нәруыздар, майлар және көмірсулар)
  3. Адамның күнделікті қалыпты тіршілігі үшін тәулігіне орта есеппен қанша нәруыз қажет?(100-120 грамм)
  4. Адам күнделікті пайдаланатын көмірсулар?(крахмал, қант)
  5. Адам денесіндегі жиналған артық көмірсулар қайда жиналады?(бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде )
  6. Витаминдерді латынша аударғанда не мағына береді?(«vita»-тіршілік,«amin»- химиялыө затар)
  7. Адам тәулігіне қанша граммдай тұз пайдалану қажет?
  8. Тағам құрамындағы күрделі ағзалық қосылыстардың ыдырап, қан мен лимфаға өтуін не деп аталады? (асқорыту)
  9. Тағамдық заттардың энергетикалық қызметі дегенге қалай түсінесіңдер? ( Тағам құрамындағы күрделі ағзалық заттар ыдырағанда энергия бөлінеді де, энергияның басқа түріне айналады)
  10. Майлар қандай тағамда көп болады,олардың ағза үшін қандай пайдасы бар? (сүт өнімдері, жұмыртқа, жануарлардың іш майы, майлы өсімдіктер құрамында. Адам ағзасы үшін қажетті ағзалық заттың бірі)
  11. Ағзада нәруыз жеткілікті болу үшін қандай тағамдарды пайдалану керек? ( ет, балық, жұмыртқа, асбұршақ, жаңғақ және т.б.)
  12. Барлық тірі ағзаға тән қасиеттер? (қоректену)
  13. Тағамдық заттар алдымен ерітінді күйге айналып, содан кейін қайда барып сіңіріледі? (қанға)
  14. Адам тәулігіне орта есеппен қанша грамм май пайдалану керек?(70-100)
  15. Адам тіршілігі үшін тәулігіне қанша литр су қажет? ( 1,5-2,5)

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema —бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) – адаммен жануарлар организмдеріндегіасты қабылдауөндеуқорытусіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі.

Асқорыту мүшелері

 

Ауыз қуысы

Жұтқыншақ

Өңеш

Асқазан

Аш ішек

Тоқ ішек

Тік ішек

 

Асқорыту бездеріне үш жұп сілекйлі бездері, бауыр және ұйқыбез жатады. Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлінетін сөлді арнайы өзектер арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі. Әрбір асқорыту безінің бөлінетін сөлінің өз атауы бар. Бауырдан-өт, сілекей безінен-сілекей. Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл салада еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі таңда эндоскопия әдісі қолданады.

Асқорыту бездері (көне грекше: glandulae digestoria) — асқорытуға қажет ферментгерге бай асқорыту сөлін бөлетін бездер. Асқорыту бездерінің сөл бөлетін соңғы бөлімдерін құрайтын безді жасушаларды экзокриноциттер деп атайды. Құрылысы мен орналасу орындарына байланысты асқорыту бездері екі топқа бөлінеді: асқорыту ағзалары қабырғаларында орналасатын ұсақ бездер (интрамуральды бездер) және асқорыту мүшелері қабырғаларынан тыс жатқан ірі (экстрамуральды) бездер. Қабырғалық интрамуральды ас қорыту бездері — құрылысы түтікше келген асқорыту ағзаларының кілегейліасты негізінде немесе кілегейліқабық тың өзіндік тақташасында (пластинкасында) орналасады. Олардың жіңішке келген шығару өзектері асқорыту ағзалары қуысына ашылады. Интрамуральды бездерге ерінтілтандайұртсілекей бездеріқарын (асқазан), дуаденальды (он екі елі ішектік) жөне жалпы ішектік бездержатады. Ал экстрамуральды ірі асқорыту бездеріне шықшыт (құлақ түбі), төменгі жақ, тіласты сілекей бездері, ұйқы безі және бауыр жатады.

Экстрамуральды сілекеи бездерінші ірі өзектері ауыз қуысына, ұйқы безі мен бауыр өзектері он екі елі ішек (күйіс қайтаратын жануарлардың ұлтабар ұшы) қуысына ашылады. Асқорыту бездерінің сөліндегі ферменттер астың (жынның) құрамындағы күрделі органикалық заттарды (протеиндер, липидтер, көмірсулар), олардың қарапайым мономерлеріне ьдыратады. Қорытылған заттардың мономерлері — амин қышқылдары мен глюкоза ішек қабырғасындағықан қылтамырларына (капиллярларларына), ал глицерин мен май қышқылдары — лимфа капиллярларына сорылып сіңіріледі.

Асқорыту бездеріне үш жұп сілекей бездері, бауыр жәнө ұйқыбез жатады. Аскорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл (секрет) деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлетін сөлді арнайы өзектері арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі.Әрбір асқорыту безінің бөлетін сөлінің өз атаулары бар. Мысалы, бауырдан бөлінетін сөл - өт, сілекей бездерінен бөлінетін сөл - сілекей және т. б.

Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы И. П. Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл саладағы еңбегінефизиологияғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі кезде асқорыту мүшелерінің ішкі сілемейлі қабыгындағы өзгерістерді зерттеудеэндоскопия әдісі қолданылады. Оның көмегімен арнайы оптикалық құралдар арқылы асқорыту мүшелерінің ішкі құрылысын көруге және суретке түсіріп алуға болады.Асқорыту бездерінен бөлінетін сөлдің құрамында күрделі ағзалық заттарды қарапайым заттарға дейін ыдырататын ерекше заттар болады. Оларды ферменттер деп атайды.

 


  1. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.
  2. «Суреттер сөйлейді»

Суреттерде тірек-сызба беріледі, аттарын тұсына жазу керек.

 

  1. Сөзжұмбақ шешу арқылы
    Онда тіл, тіс, таңдай орналасқан (ауыз).
    2. Ас қорыту мүшелерінің кеңейген жері (асқазан).
    3. Ол қорыту және тыныс алу қызметін атқарады (жұтқыншақ).
    4. Оның ұзындығы 1, 5 - 2 м. (тоқ ішек).
    5. Ол ең ірі ас қорыту безі (бауыр).
    6. Бауырдың түсі (қызыл).
    7. Тілдің ұшы сезетін дәм (тәтті)
  2. Ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі (аш ішек).
    9. Ол жұтқыншақты асқазанға жалғайды (өңеш).
    10. Ащыны, тәттіні, және қышқылды сезетін мүше (тіл).
    11. Инсулин, гликоген гормонын бөлетін без (ұлтабар).
    12. Аш ішектің бөлігі (ұлтабар).
    13. Ас қорыту мүшесінің аяқталатын бөлігі (тікішек).

 

Бағалау:
Сабаққа белсенді араласып отырған оқушыларды және сабақ айтқан оқушыларды  бағдаршам арқылы бағалау.

Үйге тапсырма беру.

  • 44-46. Ас қорыту маңызы және жүйесі.

 

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 228

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>