Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылы №114 орта мектептің
биология пәнінің мұғалімі Жайшылықова Гүлжайна Қайырбекқызы
Қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы: 10 |
Пәні: Биология |
Күні: |
|||||||||||
Сабақтың аты |
§50. Гендердің өзара әрекеттесуі |
||||||||||||
Сілтеме |
Жоспар |
||||||||||||
Жалпы мақсаты |
1.Гендердің әрекеттесуі туралы білу. 2.Аллельді және аллельді емес гендер туралы түсіну. 3.Аллельді емес гендердің түрлеріне есептер шығару жолдарын үйрену. |
||||||||||||
Күтілетін нәтиже |
1.Гендердің әрекеттесуі туралы білетін болады. 2.Аллельді және аллельді емес гендер туралы түсінеді. 3.Комплементарлық, эпистаз, полимерия, көпаллельділік түрлеріне есептер шығару жолдарын үйренеді. |
||||||||||||
Негізгі идеялар |
Гендердің өзара әрекеттесу түрлері Аллельді Аллельді емес Ал, аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің 4 типі бар: 1. Комплементарлық 2. Эпистаз. 3. Полимерия 4. Көпаллельділік Комплементарлық деп — екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін-бірі толықтырып жаңа белгіні жарыққа шығаруын айтады. Эпистаз. Бұл құбылыс комплементарлы әрекеттесуге кері жүреді, яғни бір ген екінші генді басып, оның белгісін жойып жібереді. Қандай да болсын бір белгінің қалыптасуына бірігіп әсер ететін гендерді полимерлі гендер деп атайды. Кейде аллельдер бірнеше геннен тұруы мүмкін. Өйткені хромосоманың ген орналасқан бөлігі бірнеше рет мутацияға ұшырауына байланысты, ол ген бірнеше рет қайталанады. Осыны көп аллельділік деп атайды. |
||||||||||||
Тапсырмалар |
1.Ой қозғау (сұрақ-жауап) 2.Кестені толтыр 2.Топтық жұмыс (Оқы, жұптас, бөліс) 3.Жұптық жұмыс («Фишбоун» әдісі) 4. Жеке жұмыс (1.Оқулықпен жұмыс. 2. Жаңа форматтағы тест тапсырмалары. 3.Есептер шығару) |
||||||||||||
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:(мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут) 1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу 2. Топқа бөлу (Сөздер (комплементарлық, полимерия, эпистаз) арқылы топқа бөлу).
1.Біз қалай топтастық? 2.Қиындыларды құрастырғанда нені байқадық? 3. Бұл нені білдіреді?
1-қадам. 1.Ой қозғау (сұрақ-жауап) 1. Цитоплазмалық тұқым қуалау дегеніміз не? 2. Цитоплазмалық тұқым қуалаудың негізін салушылар? 3. Пластидтік тұқым қуалау дегеніміз не? 4. Цитоплазмалық аталық ұрықсыздық дегенді қалай түсінесіңдер? 5. Генетикалық карта дегеніміз не? 6. Тіркес топтар деген не? Оқушылардың жауаптары мадақтау арқылы бағаланады.
2. Сәйкестігін тап:
Оқушылардың жауаптары дайын жауап үлгі арқылы бағаланады.
2- қадам. Топтық жұмыс (Оқы, жұптас, бөліс) Топтарға мәтін таратылып беріледі, оқып талқылайды. 1-топқа: Гендердің комплементарлық әсері 2-топқа: Гендердің эпистаз және полимерия әсері 3-топқа: Гендердің көпаллельділік әсері
Әр топтың баяндамашылары сөйлейді.
Топтық жұмыс мадақтау сәндвичі арқылы бағаланады.
Бейнеролик көрсетіледі. 1.Бейнероликте не көрсетілді?
3-қадам. Жұптық жұмыс («Фишбоун» әдісі)
Оқушылардың жауаптары дайын жауап үлгі бойынша формативті бағаланады.
4-қадам. Оқулықпен жұмыс. Қан топтарын анықтауға арналған №2, №3, №4 – есептерді шығару
5-қадам. Жеке жұмыс 1.Бір немесе бірнеше жауаптары бар тест тапсырмалары
1.Гендердің әрекеттесу түрлері А) Комплементарлық B) Эпистаз C) Аллельді D) Полимерия E) Көпаллельділік F) Супрессор G) Аллельді емес H) Гамета 2.Аллельді емес гендердің әрекеттесу түрлері А) Эпистаз B) Генотип C) Аллельді D) Тіркес топтар E) Көпаллельділік F) Супрессор G) Аллельді емес H)Доминантты 3.Полимерия құбылысын ашқан ғалым А) Т. Морган B) Г. Нильсон-Эле C) Г. Мендель D)Э. Баур E) М. Родс F) Ф. Крик G) К. Корренс H) У. Бэтсон 4.Генетика ғылымы зерттейді А) Сұрыптауды B) Эволюцияны C) Тұқымқуалаушылықты D) Селекцияны E) Эмбриологияны F) Өзгергіштікті G) Жасушаны H)Вирустарды 5.Г. Мендель заңдарын екінші рет ашып дәлелдеген ғалымдар А) Т. Морган B) Э. Бенеден C) Де Фриз D)Э. Баур E) Э. Чермак-Зейзенегг F) М. Родс G) К. Корренс H) У. Бэтсон Оқушылардың жауаптары бағдаршам арқылы бағаланады.
2. Есептер шығару 1.Қан топтарын анықтауға арналған есеп: Ата-аналарының екеуінің де қан топтары гетерозиготалы ІІ және ІІІ топ, олардың балаларының қан топтары қандай болмақ? 2. Полимерия әсеріне арналған есеп: Бір доминантты гені бар жұмыршақ өсімдігінің (А1 және А2 ) жемісі үшбұрышты болады, доминантты гені жоқ өсімдіктің жемісі жұмыртқа пішінді болады. Гендері бойынша дигетерозиготалы мен рецессивті гомозиготалы өсімдіктер будандастырылған. Фенотип бойынша Ғ1- дегі ажырау қандай болады? 3. Гендердің комплементарлық әсеріне арналған есеп: Хош иісті бұршақ өсімдігі гүлінің ақ түсін анытайтын А және В гендер генотипте жеке болса ақ түсті, ал осы гендердің доминантты аллельдері бір генотипте болған жағдайда күлгін түс береді. Мынадай будандастырудың нәтижесінде Ғ1- де алынған будан өсімдіктердің фенотиін анықтаңдар: ААbb х aaBb
6-қадам. Рефлексия (Табыс ағашы)
|
|||||||||||||
Кейінгі тапсырмалар |
Тарауды қайталауға арналған тест тапсырмаларына дайындалып келу. |
||||||||||||
Кейінгі оқу |
§50. Гендердің өзара әрекеттесуі тақырыбын оқу. |
||||||||||||