Quantcast
Channel: Биология - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 228

Қызық екен

$
0
0

 

Тақырыбы: «Қызық екен»  интеллектуалды сайыс

Мақсаты: Жалпы биология және  анатомия  пәніне деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Жаратылыстың ғажайыптары туралы қызықты деректермен білімдерін толықтыру. Ұжыммен жұмыс жасауға бейімдеу. Алған білімдерін өмірде кеңінен қолдана білуге тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: слайдтар,

Жүрісі:

- Армысыздар құрметті ұстаздар және студенттер! «Жаратылыс ғажайыптары» атты химия және биология пәндері апталығы аясында ұйымдастырылған «Қызық екен» интеллектуалды сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі білім сайысына колледжіміздің 2-курс студенттерінен құралған топтар білімдерін сынамақ. Олай болса қатысушыларды таныстырып өтейін:

  1. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы студенттерінен құралған «Тәрбиешілер» тобы.
  2. Математика мамандығы студенттерінен құралған «Математиктер» тобы.

Сайысымызды бастамас бұрын  ойын шарттарымен таныс болайық:

І          Қызықты ұяшықтар

ІІ         Менің қиялымдағы ғажайып табиғат

ІІІ       Жанкүйерлер үлесі

            Әрбір дұрыс жауап топтарыңызға 50 ұпай береді, сондықтан өз белсенділігіміз бен шапшаңдығымызды көрсетіп, ұпайларды қанжығамызға байлайық. Ең алдымен командалармен таныс болайық. Ендеше сайысымызды бастайық, барлық қатысушыларға сәттілік!

 

І Қызықты ұяшықтар.

 

 

100 000 км

 

 

Қан жоқ

 

Бағыт

 

 

Май

Жүрек қызметі тоқтайды

 

Сезім

 

 

Жылдамдық

 

Ас дәмі

Жалғыз

 жаратылыс

Ойларды

Тазартады

 

 

Түстер

 

Қан қысымы

 

7 айлық

 

 

Жалғыз мүше

 

Жапония

 

Ең биік, ең кішкентай

 

  1. 100 000 км

Адам денесінде жалпы ұзындығы 100 000 км құрайтын қандай мүше?

А) Эритроциттер

Б) Қан тамырлары

В) Жүйке жүйесі

  1. Жүрек қызметі тоқтайды

Қай кезде адам ағзасының жұмысы тоқтайды, тіпті жүрек қызметі де

А) Есінегенде

Б) Ұйықтағанда

В) Түшкінгенде

  1. Жалғыз жаратылыс

Арқасына жатып ұйықтай алатын жалғыз жаратылыс иесі

А) Адам

Б) Қоян

В) Маймыл

  1. 7 айлық

Жеті айлығына дейін нәресте бір уақытта жасай алады

А) Жұтынып, тыныс ала алады

Б) Тамақ жеп, түшкіре алады

В) ұйықтап жатып, тамақтана алады.

  1. Қан жоқ

Адамның жалғыз мүшесінде қан жоқ немес қанмен қамтамассыз етілмеген

А) Тырнақ

Б) Көздің қасаң қабығы

В) Сүйек

  1. Сезім

Қандай сезімдер адамға туа бітеді, тек тәрбие оны әрі қарай дамығандығын көрсетеді

А) Қуану, қорқу, ұялу, бақыт

Б) Күлу, есінеу, иіс сезу

В) Дәм сезу, қорғану, түшкүру

  1. Ойларды тазартады.

Кейбір деректерге сүйенсек қандай кезеңде миымызды қажет емес ойларымыздар тазартамыз.

А) Күлгенде

Б) Шомылғанда

В) Ұйқы

  1. Жалғыз мүше

Қайта қалпына келу мүмкіндігі жоқ жалғыз мүше

А) Тіс

Б) Сүйек

В) Тері

  1. Бағыт

Біз екі құлағымыздың арқасында дыбыстардың бағытын анықтаймыз. Бұл қандай есту деп аталады

А) Тікелей есту

Б) Рефлекторлық

В) Стереофондық

  1. Жылдамдық

Адам ағзасында қозудың жүру жылдамдығы қандай жағдайлардың әсеріне байланысты

А) Адам анатомиясы мен тамақтану

Б) Температура мен физиологиясына

В) Дене жаттығуы мен тынығу

  1. Түстер

Көзге пайдалы түстер

А) Жасыл және сары

Б) Қызыл және көк

В) Ақ пен қара

  1. Жапония

Жапонияда өмір сүру ұзақтығы ең жоғары, себебі...

А) Балдырлармен қоректенетіндіктен

Б) Спирттік ішімдік дәмін татпағандықтан

В) Күріш жегендіктен

  1. Май

Тамақта майдың жеткіліксіздігі қай мүшенің жұмысының бұзылуына, ағзаның төзімділігінің төмендеуіне әкеледі.

А) Бауырдың

Б) Жүректің

В) Мидың

  1. Ас дәмі

Адам қандай астың дәмін сезбейді

А) Құрғақ

Б) Майлы

В) Сұйық

  1. Қан қысымы

Жапондықтар тәулігіне  нені пайдаланғандықтан олардың қан қысымы өте жоғары, ал қырғыздар мен араб бәдәуилері мүлде пайдаланбағандықтан олардың қан қысымы өте төмен

А) Майды

Б) Тұзды

В) Сірке қышқылын

  1. Ең биік, ең кішкентай

Дүние жүзіндегі ең биік адамның бойы 3,2 м, Египеттік Агибенің бойы небары 38 см болған. Бұл өзгеріс  неге байланысты?

А) Физиологиясына

Б) Өсу мен дамуына

В) Гипофизге

 

 

ІІ  Менің  қиялымдағы ғажайып табиғат. 

Бұл бөлімде  топтарға орақ тақырып беріледі. Алдарыңыздағы параққа өз қиялыңыздағы табиғатты бейнелеп, сипаттап беру қажет. 

Сіздер қиялдарыңызды бейнелегенше сайысымыздың келесі бөліміге берейік.

 

ІІІ  Жанкүйерлер үлесі.

Бұл бөлімге қатысушы  топтар емес жанкүйерлер. Яғни қатысушы  тобқа қосымша ұпай жинауға мүмкіндік бар. Жанкүйерлерге  биологияның ғылым салаларының анықтамалары немесе зерттеу нысаны айтылды, қандай ғылым саласы екенін табу керек.  

  1. Тіріағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін  ғылым саласы.

Генетика

  1. Жаңа сұрыптар мен будандарды шығарумен айналысатын ғылым.

Селекция

  1. Жасушатуралы ғылым. 

Цитология

  1. Тірітабиғаттың қайта айналып келмейтін және тура бағытталған тарихи дамуы. 

Эволюция

  1. Адамденесінің құрылысын, пішінін, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым  саласы.

Анатомия

  1. Өсімдіктертуралы ғылымдар жиынтығы

Ботаника

  1. Тіріорганизм мен оның жеке жүйелері, органдары, тіндері мен жасушаларының қызметтерін (функцияларын) зерттейтін ғылым саласы.

Физиология

  1. Денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым.

Гигиена

  1. Адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы.

Антропология

  1. Жануарлар туралы ғылымдар жиынтығы.

Зоология

  1. Көзге көрінбейтін, ұсақтірі ағзалардың адам тұрмысы саласындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.

          Микробиология

  1. Өсімдіктер мен көп клеткалы жануарлардың және адамның ұлпаларын зерттейтін ғылым саласы.

Гистология

  1. Жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын,3организмдер3қауымдастықтарының,экожүйелердің,биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым

Экология

 

Қорытынды:  Олай болса сайысымыздың бөлімдері аяқталды. Жеңімпаздарды анықтайық.                 

Жеңімпазымызды бүгінгі жеңісімен құттықтай отырып, барлық қатысушыларға биіктен көріне берулеріне тілектеспіз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

 

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 228

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>