Сабақтыңтақырыбы: Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт.
Сабақтың мақсаты: таным белсенділігін арттыра отырып, іс-әрекеттерін тиімді ұйымдастыру арқылы тақы
рыпты ғылымилығымен қатар өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру, сын тұрғысынан
ойлауға үйрету.
Жергілікті,белдеулік және бүкіләлемдік уақыт, нақты және орташа күн тәуліктері мен
жұлдыздық уақыт туралы түсінік беру .
Әдіс тәсілдері: Топтастыру әдісі;
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету:ДЖИГСО;
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;
Семантикалық карта.
Корнекілігі: Постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, желім, қайшы.
Барысы:1. Ұйымдастырукезеңі:Амандасу, сынып оқушыларын түгендеу,топқа бөлу (астрономиялық сөздер
арқылы топқа бөлу).
2.Сабақ барысы Блум таксаномиясы бойынша өтеді.
1). Білу. Әр түрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы тақырыбы бойынша сұрақтар қойылады.
Сұрақтар:
- Радиусы анықталмаған жорамал сфера - ...... деп аталады.
- Зенитке қарама – қарсы орналасқан нүкте .................. деп аталады.
- Зенит пен надирді қосатын нүкте .................. деп аталады.
- Тік сызықққа перпендикуляр әрі аспан сферасының орталық нүктесі арқылы өтетін жазықтық ............................. деп аталады.
- Төңірегінде аспан сферасының айналысы сағат тілінің айналу бағытына кері болатын полюс ..... деп аталады.
- Зенит және дүние осі арқылы өтетін жазықтық ............. деп аталады.
- Аспан сферасының орталық нүктесі арқылы өтетін және дүние осімен тік бұрыш жасайтын жазықтық ..... деп аталады.
- Бақылаушының дәл төбесінде орналасқан нүкте................. деп аталады.
- Көкжиек аспан сферасын нешеге және қалай бөледі?
- Аспан сферасы және шырақтарының тәуліктік айналысы ................. төңірегінде өтеді.
- Дүние осінің аспан сферасымен қиылысатын нүктелері .......... деп аталады.
- Төңірегінде аспан сферасының айналысы сағат тілінің айналу бағытында болатын полюс ..... деп
аталады.
- Шырақтардың көкжиектен ең жоғары және төмен орналасуы аспан меридианы арқылы өу кезеңі.........
деп аталады.
- Видеоролик көрсетіледі.
1-топ. Аспан сферасы.
2-топ.Шырақтардың кульминациясы.
3-топ.Шырақтардың тәуліктік қозғалысы.
Әр топ берілген тапсырмалар ассосация әдісі бойынша топтастырады.
2) Түсіну. Видеоролик арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылып,мақсат қойылады.
Оқулық бойынша топтық жұмыс:ДЖИГСО(15мин)
3)Қолдану.
1-тапсырма:Нақты және орташа күн тәулігі.
2-тапсырма: Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт.
3-тапсырма:Жұлдыздық уақыт.
Видеороликтер көрсетіледі.
Проблемалық сүрақтар:
1.Нақты және орташа күн тәуліктерінің айырмашылығы.
2.Жергілікті уақыт, белдеулік уақыттар не?
3.Жұлдыздық тәулікті қалай түсінесіңдер?
Топтар тапсырмалары бойынша постер қорғайды.
4) Талдау. Уш топқа семантикалық карталар беріледі.
Ж е р г і л і к т і у а қ ы т |
||
белгіленуі |
формуласы |
анықтамасы |
|
|
|
Ж ұ л д ы з д ы қ у а қ ы т |
||
белгіленуі |
формуласы |
анықтамасы |
|
|
|
Б ү к і л ә л е м д ік у а қ ы т |
||
белгіленуі |
формуласы |
анықтамасы |
|
|
|
5) Жинақтау. Тест тапсырмалары беріледі.
1.Астономиялық бақылау бойынша алынған уақыттың негізгі бірліктері:
А) секунд
В) тәулік
С) градус
Д) ай
Е) жыл
2.Жердің аспандағы белгілі бір санақ денесіне қатысты өз осінен толық бір айналым жасауға кеткен уақыт аралығы
А) секунд
В) тәулік
С) градус
Д) ай
Е) жыл
3.Орташа күн тәулігінің ұзақтығы
А) 24 сағат
В) 23 сағат
С) 23 сағат 56 минут
Д) 22 сағат
Е) 24 сағат 56 минут
4.Күн шарығының орталық нүктесінің жоғарғы шарықтау сәті
А) нақты түн ортасы
В) нақты тал түс
С) декреттік уақыт
Д) шарықтау
Е) бату
- Бүкіләлемдік уақыт қай елдің жергілікті уақытымен сәйкес және нешінші сағаттыұқ белдеуге сәйкес келеді?
А) Астана, 5сағатық белдеу
В) Мәскеу, 12 сағаттық белдеу
С) Лондон 0 сағаттық белдеу
Д) Лондон 12 сағаттық белдеу
Е) Алматы, 5сағатық белдеу
6) Бес саусақ кері байланысы.
7) Үйге тапсырма:§44
8)Бағалау.