Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Валерий Чкалов орта мектебі
Пәні: Биология 8 сынып
Биология пәні мұғалімі Сейдахметова Қалиякүл Ермаханқызы
Сабақтың тақырыбы: Дәрумендер
Сабақтың мақсаты:
І. Білімділік : Дәрумендер, олардың түрлері, биологиялық ролі, адамның денсаулығы
үшін маңыздылығы жайлы ұғым қалыптастыру.
ІІ. Дамытушылық: Дәрумендердің түрлері,пайдасы жайлы ақпарат бере отырып, білім
дамыту.
ІІІ.Тәрбиелік: Рухани сауаттылыққа, өз денсаулықтарына ұқыптылықпен қарауға,
тазалыққа баулу. Табиғат байлығын сақтауға, бағалауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Слаид үлгілері; Электронды кітап; Жеміс муляждары; суреттер,
кестелер; Тірек сызбалар.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге оқушыларға арнайы тапсырмалар берілген. (Оқушылар 3 топқа бөлінген):
1 тапсырма: біз қалай тамақтанамыз?
2 тапсырма : Қалай тамақтануымыз керек?
3 тапсырма: Тиімді, пайдалы тамақтану дегеніміз не?
Әр топтың лидері сұрақты таңдайды, топ талқылайды.
ІІІ. Жаңа сабақты игеру кезеңі. « Дәрумендер және адам ағзасы»
Қай затта болады |
Дәруменнің аты |
Шипалық мәні |
Бауырда, сүтте, сарымайда, жұмыртқада, сәбізде, асжапырақта, қызыл тәтті бұрышта, көк пиязда, салатта, ақжелкенде, қара жемісті шетенде, қызанақта, аскөкте көбірек болады. |
А дәрумені (ретинол) Тәуліктік мөлшері 1мг |
Ағзаның өсуіне және дамып жетілуіне әсерін тигізеді.дененің қорғаныштық қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады, теріде зат алмасуды реттейді |
Нанда, жемістерде, ашытқыда, тазаланбаған күріште, ұнтақ жармада, макарондақ өнімдерде, сүтте, етте, сұлыда, қарақұмықта, жұмыртқада, бауырда, сүзбеде кездеседі. |
В дәрумендер тобы : В 1 – тиамин Тәуліктік мөлшері 2-3мг В6 – пиридоксин Тәуліктік мөлшері 2-3мг В12 – цианокобаламин Тәуліктік мөлшері 0,001мг |
Бұлшықет пен жүйке жүйесінің жұмысын күшейтеді, жілік майында қызыл қан түйіршіктерінің жетіліп, оттегін тасымалдауына әсер етеді, қаназдық ауруын болдырмайды, жүрек қан тамырларының жұмысына оң әсер етеді. |
Қарақат,бұрыш, қырыққабат, итмұрын, пияз, ақжелкен, лимон т.б |
С дәрумені (аскорбин қышқылы) Тәуліктік мөлшері 75-105 мг |
Ағзаның қабыну ауруларына қарсы әсерін күшейтеді, нәруыздардың алмасуын реттейді, қырқұлақ ауруын болдырмайды. |
Балық майында, балық бауырында, уылдырықта, жұмыртқа сарыуызында, сүт өнімдерінде мол болады. |
Д дәрумені (кальциферол) Тәуліктік мөлшері -0,025мг |
Мешел (рахит) ауруын болдырмайды, ағзадағы кальций мен фосфор алмасуын реттейді, тістің, сүйектің дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді. |
Ашытқыда, тазартылмаған күріште, бауырда, жұмыртқа сарыуызында, сүтте көп болады. |
РР дәрумені (никотин қышқылы). Тәуліктік мөлшері – 20мг |
Ағзада тотығу – тотықсыздану процестерінің қалыпты жүруі үшін қажет.Бүйрекүсті гормондарының түзілуіне қатысады. Асқорыту мүшелерінің жұмысын жақсартады, тері ауруларын болдырмайды. |
ІV.Жаңа сабақты бекіту:
А) Сәйкестендіру тестін орындау :
Рахит – Н.И. Лунин
Пеллагра – Аскорбин қышқылы
Дәрумендер - Ретинол
Бери – бери – Кальциферол
Қырқұлақ – Никотин қышқылы
Тауық соқыр – Цианокобаламин
Б) Пікірталас.
Тақырыбы: Дәрумендерді үнемі дайын препарат күйінде қабылдап отыру қажет пе?
І топ : ия (ойларын тұжырымдау)
ІІ топ: жоқ (ойларын тұжырымдау)
- Қорытынды.
«Дәрумендер» сөзіне класстер құру
Бағалау:
VІ. Үйге тапсырма : § 51 терминдермен жұмыс жасау.