Quantcast
Channel: Биология - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 228

Дыбыс қасиеттері және есту мүшесінің сезімталдығы

$
0
0

         Әдістемелік нұсқа жұмыс бағдарламасына сәйкес  құрастырылған: Тулегенов Д.Т.

Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы

 

 

Тақырыбы: Дыбыс қасиеттері және есту мүшесінің сезімталдығы

Сабақтың мақсаты:

            Білімділік: Дыбыс қасиеттері және есту мүшесінің сезімталдығы туралы мәлімет беру.

Тәрбиелік: Оқушылардың талдау, салыстыра білу  қабілеттерін дамыту, оқу материалының ең негізін алып, мазмұнын ажыратуға   тәрбиелеу.

Дамытушылық: Қазіргі заманғы техника мен  ғылымның  жетістіктерін мысалға келтіре отырып,    оқушылардың өмірге деген  көзқарастарын  қалыптастыруды дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың уақыты: 2 сағат

Сабақты өткізу орны: дәрісхана

Пәнішілік байланыс: Дыбыстың клиникада пайдалану әдістерінің физикалық негізі

Пәнаралық байланыс: биология, химия

Сабақтың жабдықталуы: үлестірілмелі материалдар, слайдтар

Пайдаланылған әдебиеттер:

            Негізгі: Сайбеков Т., Көшенов Б.  «Медициналық биофизика»

Қосымша:

Оқушы білуі тиіс:

- Дыбыстың физикалық мінездемесі, дыбыстың әсерлері, дыбыстық өлшеу, аудиометрия;

- Есту мүшесінің сезімталдығының деңгейін сипаттайтын түсініктер;

- Вебер Фехнер психофизикалық заңы.

                                                                     

Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы

                                                                      

І Ұйымдастыру кезеңі – 3-5 мин

ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 15-20 мин

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 30-45 мин

ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту – 10-15 мин

Ү Қорытындылау – 3-5 мин

ҮІ Үйге тапсырма – 3-5 мин

 

Сабақ барысы

 

І Ұйымдастыру кезеңі

       Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, жоқ оқушыларды белгілеу. Оқытушы жаңа сабақтың мақсатымен және  жоспарымен оқушыларды таныстырады.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

                               Тест

  1. Жүрек биотоктарын график түрінде тіркеу?                                                                             а.электрокардиограмма   б.ультродыбыс    в.электрография
  2. Электрокардиограмма тістері?                       а Р,Q              б.P,Q,R,S,T           в.P,R,K,W
  3. Электр тізбегінің екі нуктесін қосуға арналған,арнайы пішінді өткізгіш?                                                  а.электрод         б.электролит        в.импульс
  4. Электрограмманың екі мақсаты? а.күшейту,қоректену  б.тікелей,керісінше   в.теріс потенциал,он
  5. Электрокардиография әдісінің негізін қалаушы? а.Эйнтховен         б.Энштейн             в.Перрен
  6. Биопотенциалды тіркеудің көптеген әдістері? а.ЭКГ,ЭЭФГ      б.ЭМГ,ЭРГ       в.барлығы дұрыс
  7. Қалыпты жағдайда синус түйіні минутына?                                                        а.60-90          б.70-80        в.60-100
  8. Жүрек ұшының қозу уақыты қалыпты жағдайда? а.0,05c     б.0,06c    в.0,9c
  9. ЭЭФГ анықтамасы?                                                                                                                                   а.жүрек бұлшық ет жасушаларының қозғанда пайда болған биопотенциалды өлшеу                                                                                                 б.майдың биоэлектрлік белсенділігін өлшеу                                                                                   в.бұлшық еттің электр биоэлектрлік белсенділігін өлшеу
  10. ЭМГ жиілік шамасы?                                                                                                               а.1-300       б.3-300        в.3-600
  11. ЭЭФГ жиілік шамасы?                                                                               а.1-300     б.3-300     в.1-200
  12. Электрокардиографияның негізгі мақсаты? а.ағзаның күшін анықтау    б.қисық сызық   в.өзгерістерді тіркеу
  13. Электр тізбегінің екі нүктесінің қосуға арналған арнайы пішінді өткізгіш?                                а.электрод   б.электр   в.электрограмма
  14. Кардиографты электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қандай блог қолданылады?         а.күшейту  б.қоректену   в.тармақ
  15. Дипольдің электрлік моментінің векторы? а.жүрек биопотенциалдарының қорытқы айырмасын                   сипаттайтын вектор                                                                                                                    б.мыйдың белсенділігін өлшеу                                                                                  в.электрограмманың сипатына қарап ағзаның жағдайы                     

 

                         Жауаптары

1а   2б   3а   4б  5а  6в  7а  8а  9б  10в  11а  12в  13а  14а  15а                                                         

 

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

Акустика – серпімді ортада таралатын (газ, сұйық, қатты дене), адамның құлағы арқылы қабылданатын, жиілігі 16 – 20000 Гц аралығындағы тербелістер мен толқындар, яғни дыбыстар жайындағы ғылым. Акустикада сонымен қатар жиілігі 16 Гц-тен төмен инфрадыбыстар мен 20000 Гц-тен жоғары ультрадыбыстар да қаралады. Қазіргі акустика ауқымды сұрақтарды қамтитын, бірнеше бөлімдерден тұратын ғылым: физикалық акустика - әртүрлі ортадағы серпімді толқындардың таралу ерекшелігін зерттесе, физиологиялық акустика – адамдар мен жануарлардағы дыбыс шығарушы және дыбыс қабылдаушы мүшелердің құрылысы мен жұмысын зерттейді.

Адам организмінде көптеген периодты тербелмелі үрдістер болып жатады. Осы тербелістің салдарынан ішкі ағзалардан шығатын дыбыстар олардың физиологиялық күйін сипаттайды.

Практикалық емханада дыбыстық зерттеу әдістері диагностика үшін кеңінен қолданылады. Сондықтан дыбыстың таралу ерекшелігін оқып үйрену медицинада маңызды рөл атқарады. Ағзадағы көптеген үдерістер, мысалға дем алу, жүректің жұмысы т.б. дыбыстық құбылыстар арқылы өтіледі.

Дыбыстық тербелістер мен толқындар – механикалық тербелістер мен толқындардың дербес түрі. Алайда, акустикалық түсініктің есту ағзаларына әсерінің ерекшелігіне байланысты кейбір мәселелерді арнайы қарастыру қажет.

 

Дыбыстың табиғаты, физикалық сипаттамалары

Дыбыстың мынандай түрлері бар: 1) тондар немесе музыкалық дыбыстар; 2) шуылдар; 3) дыбыстық соққылар.

а) Тон дегеніміз – периодты түрде қайталанып отырылатын үрдіс. Қарапайым тон – гармониялық заңдылық бойынша таралатын дыбыстық тербелістер,олар жай немесе таза тон деп аталады да, сәйкес келетін жазық дыбыстың толқындық теңдеуі былай жазылады:

     .                                                             ( 4.1 )

Дыбыстық тон жиілік немесе период, амплитуда және тербеліс түрімен немесе оның гармониялық спектрімен, сол сияқты дыбыстық толқынға қатысты: дыбыстың қарқындылығы мен күші және дыбыстық қысыммен сипатталады. Таза тонның негізгі физикалық сипаттамасы жиілік. Салыстырмалы қарқындылығы (интнсивтілігі) көрсетілген дыбыстар жиілігі – акустикалық спектр деп аталады.

б) Шуыл - әртүрлі тондағы, жиіліктегі, түрі мен қарқындылығы ретсіз өзгеріп отыратын дыбыс толқындарының беттесуі (машиналар шуылы, қол шапалақтау т.б.).

в) Дыбыстық соққылар – қысқа мерзімді дыбыстық әсерлер (жарылыс, тарсыл т.б.).

Дыбыстың энергетикалық сипаттамасы болып қарқындылық есептеледі. Практикада дыбыстың қабылдануын бағалау үшін қарқындылық емес, дыбыстық қысым қолданылады. Дыбыстың қарқындылығы немесе күші деп, дыбыс толқыны энергия ағынының тығыздығын атайды. Оның өлшем бірлігі – 1эрг(с см2); 1Вт/м2.

Дыбыстық немесе акустикалық қысым  деп, дыбыстық толқынның бөлшектер шоғырланған аймағында пайда болатын, қосымша қысымның әсерлік ( қоршаған ортадағы қосымша қысымнан артық ) мәнін атайды. Ол Ньютон бөлінген метрмен өрнектеледі (Н/м).

 Жазық толқын үшін қарқындылық пен дыбыстық қысымның арасында мынандай байланыс бар:

        ,                                                                     ( 4.2 )

мұндағы  - ортаның тығыздығы;  - дыбыстың жылдамдығы.

Қалыпты жағдайда адам құлағы дыбыстың өте үлкен аймағындағы қарқындылықты қабылдай алады, мысалы 1кГц-тегі  -ден (есту табалдырығы)  -қа дейін (есту шегі). Бұл қарқындылықтар қатынасы 1013 – не тең.Егер қандай да бір шама өте үлкен диапазонда өзгеретін болса, онда оларға логарифмдік шкаланы пайдаланған ыңғайлы. Дыбыстың қарқындылық шкаласына осы әдісті қолданамыз:

      .                                                                     ( 4.3 )

Бұл шама белмен өрнектеледі, мұндағы  - дыбыс қарқындылығының деңгейі. Сонымен қатар басқа шама децибел – де көп қолданылады, және формуланы былай өрнектеуге болады:

    .                                                                   ( 4.4 )

1 дБ бір – бірінен 1,26 есе ерекшеленетін екі деңгейге сәйкес келеді.

 

Есту сезімталдығының сипаттамалары. Клиникадағы  дыбыстық зерттеу әдістерінің физикалық  негіздері

Дыбыс есту сезім мүшелерінің көзі болғандықтан оның обьективті сипаттамаларымен бірге субьективті, яғни адам және басқа да тірі ағзалардың тітіркену қабілетіне қарай анықталатын сипаттамалары да қарастырылады.

Есту мүшесінде дыбыстың субьективті сипаттамаларына мыналар жатады.: 1) жоғарылығы; 2) ырғақ (тембр); 3) қаттылығы. Дыбыс жоғарылығы тонның жиілігімен, сонымен қатар аздаған мөлшерде тон күрделілігі мен қарқындылығы арқылы сипатталады.  Ырғақ – спектрлік құраммен анықталады. Қаттылық – тербеліс амплитудасымен анықталады.

Дыбыстың жоғарылығын бағалау үшін құлақ еститін дыбыс аймағы октава деп аталатын интервалдарға бөлінеді. Октава – шеткі  екі жиілігінің қатынасы екіге тең болатын тон жоғарылығының ара қашықтығы.

Бірдей жиіліктегі күрделі тондар тербеліс түрі, яғни гармониялық спектрлері бойынша ерекшеленеді. Бұл ерекшелік құлаққа дыбыс ырғағы ретінде қабылданады. Мысалға, әртүрлі адамдардағы жиілігі бірдей сөздік дыбыстар ырғақтары бойынша ерекшеленеді.

Ортада еркін таралатын дыбыс қума толқын болып табылады. Ортаның белгілі бір аймағында ғана таралатын дыбыс толқындарын тұрғын толқындар деп атайды. Дыбыс толқыны тербеліс жиілігінің ортаның меншікті жиілігімен дәл келуі әсерінен тербеліс амплитудасы кенеттен артып кетеді, бұл құбылыс дыбыстық резонанс деп аталады және дыбысты күшейту үшін қолданылады.

 

ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту

 

№1 Тапсырма.

1-тапсырма.

  1. Жазық далада  жаңғырық шығуы мүмкін бе?

(Жауабы: Жоқ, дыбысты шағылдыратын зат жоқ)

  1. Неге шәйнек қайнар алдында шуылдайды және неге суы аз болғанда қаттырақ шу шығады?

(Жауабы: Алдымен бу көпіршіктері түбінде пайда болады, сосын суық қабатына көтеріледі. Бұл жерде бу конденсацияланады да көпіршік жарылады. Көп көпіршіктердің дауысы шу сияқты естіледі. Қайнаған судың дауысы шәйнектің бетіндегі ауа резонансын тудырады.)

  1. Неге күндізге қарағанда  дауыс түнде қаттырақ шығады?

(Жауабы: Түнде дыбыс таралып кететін ауа конвекциясының ағыны аз болады. )

  1. 4. Неге жанып жатқан ағаш отыннан сыртылдап ұшқын ұшады?

(Жауабы: Ағашта ауа қызған кезде кеңейеді де, ағашты жарып шығады осыдан ұшқын шығады. )

  1. Үкі – түн құсы. Оның дауысы түнгі орманда жоғалып кетпей, алысқа дейін естіледі. Бұны қалай түсінуге болады?

( Жауабы: Үкінің дауысының жиілігі төмен және салыстырмалы түрде толқын ұзындығы үлкен болады. Сонымен қоса оның дауысы үлкен энергияға ие.)

  1. Көшпенділер жау әскерінің жақындағанын қайдан біліп отырған.

(  Жауабы: Жер үлкен арақашықтықта дыбыстарды жеткізеді. Адамдар жерге жатып дыбыстарды тыңдаған. Көптеген әскердің дауысы гуіл болып

алысқа естіледі.)

 

 

№2 Тапсырма.

№ 1. Адам үңгірдің алдына келіп қатты айқайлады. Ол жаңғырығын 3 секундтан соң естіді. Осы үңгірдің тереңдігі қандай?

t= 3 с             

v= 330м/с        

h=?

 

№2. Бақылаушыдан 5 км қашықтықта найзағай түсті. Қанша уақыттан соң бақылаушы оның дыбысын естиді?

s=5*103м                                 

v= 330м/с      

t= ?

№3. Эхолоттың көмегімен кеменің астынан теңіз тереңдігін өлшеген кезде, сигналды жіберген уақыттан бастап оны қайтадан қабылдағанға дейін 6 с уақыт өтсе, теңіз тереңдігі қандай болғаны?

t= 6 с             

v= 1480м/с

h=  ?                

 

Сергіту сәті

Физикалық диктант.  (Иа, жоқ жауап беру)

  1. Дыбыс – есту түйсігін туғызатын серпімді толқындар.
  2. Жиілігі 20Гц-тан жоғары толқындарды адам құлағы естиді.
  3. Найзағай – табиғи дыбыс көзі.
  4. Акустика –дыбысты зерттейтін физика бөлімі.
  5. Дыбыс қаттылығы тербе ліс жиілігімен анықталады.
  6. Дыбыс тоны тербеліс жиілігімен анықталады.
  7. Дыбыстың аудағы жылдамдығы 330 м/с.
  8. Дыбыс қаттылығының өлшем бірлігі – Бел.

 

 

Ү Қорытындылау   

Тест

1.Дыбыстың объективті (физикалық) сипаттамалары:

  1. Жоғарлығы, интенсивтілігі, тембрі.
  2. Гармониялық спектр, биіктік, жоғарлылық.
  3. Жоғарлылық ,биіктік, тембр.
  4. Жиілік, тембр, жоғарлылық.
  5. E. Интенсивтілік, жиілік, гармониялық спектр.
  6. Дыбыстың субъективті (физиологиялық) сипаттамалары:
  7. Жоғарлығы, интенсивтілігі, тембрі.
  8. Гармониялық спектр, биіктік, жоғарлылық.
  9. Жоғарылық, биіктік, тембр.
  10. Жиілік, жиілік, жоғарлылық.
  11. Интенсивтілік, жиілік, гармониялық спектр.

3.Тоқылдату арқылы дыбыстың шығуына байланысты мүшелердің жағдайын анықтауға болады. Бұл әдіс:

  1. Аускультация.
  2. Аудиометрия.
  3. Перкуссия.
  4. Фонокардиография.
  5. Эхокардиография.

4.Ағзаның ішінде пайда болатын дыбыстарды тікелей тындау:

  1. Дарсонвализация.
  2. Коагуляция.
  3. Электростимуляция.
  4. Энцефалография.
  5. E. Аускультация.
  6. Зақымдалған және транспланттанған сүйектердің ұлпаларын ультрадыбыс көмегімен «Пісіру» әдісі:
  7. Ультрадыбыс физиотерапиясы. B. Эхоэнцефалография.
  8. Ультрадыбыс кардиографиясы. D. Ультрадыбысты остеосинтез.
  9. Ультрадыбысты локация.
  10. Ультрадыбыс:
  11. Жиілігі 20 кГц жоғары электромагниттік толқындар.
  12. Жиілігі 16 Гц төмен механикалық толқындар.
  13. Жиілігі кіші 20 кГц жоғары электромагниттік толқындар.
  14. D. Жиілігі 20 кГц жоғары механикалық толқындар.
  15. Жиілігі 30 кГц кіші механикалық толқындар.

7.Ультрадыбыстың сәулелену әсері мынаған негізделген:

  1. Пьезоэлектрлік эффектіге тура.
  2. Пьезоэлектрлік эффектіге кері.
  3. Термоэлектрондық эмиссияға.
  4. Фотоэлектрлік эффектіге.

Е. Тура электрлік эффектіге.

8.Ультрадыбысты локация мынаған негізделген:

  1. Пьезоэлектрлік эффектіге кері
  2. Ультрадыбыстың шағылуына.
  3. Ультрадыбыстың дифракциясына.
  4. Ультрадыбыстың жұтылуына.

Е. Дыбыс дифракциясына.

  1. Дененің беткі жағын ултрадыбыстық зерттеуде вазелин майымен жағады:
  2. Ультрадыбыстың шағылуын азайту үшін.
  3. Ультрадыбыстың шашырауын азайт үшін.
  4. Ультрадыбыстың жұтылуын азайту үшін.
  5. Жылуөткізгіштікті ұлғайту үшін.
  6. Электрөтізгіштікті ұлғайту үшін.
  7. Эхокардиография әдiсi жүректiң  құрылымы мен қозғалуын .... көмегiмен

А) Жоғары жиiлiктi айнымалы токпен        В) Комптон эффектiсi

С) Рентген сәулеленудiң жұтылуымен

  1. D) Ультрадыбыстың шағылуынан

Е) Импедансты тiркеу

  1. Аорта мен артериялар:

А) созылмалы түтiкше түрiнде

В) бұлшықеттi түтiкше түрiнде

С) аморфты түтiкше түрiнде

  1. D) қатты түтiкше түрiнде

Е) жiнiшке түтiкше

 

Жауаптары:

 

1 Е

10Д

11А

 

ҮІ Үйге тапсырма:   Сайбеков Т., Көшенов Б. «Медициналық биофизика» 41-46 бет

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 228

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>